Ескі архив · 25.10.2011 10:06

Моймирдан аудиофайл көшіру

Моймирдан біраз қазақша әндерді табуға болады және жалпы жақсы аудиожинақтары бар. Соларды қалай көшіреміз деп бас ауыртады көбісі. Videosaver.ru сайты арқылы оңай көшіріп алуға болады. Бар болғаны файл тұрған беттің сілтемесін аламыз да, осы сайтқа кіріп, сілтеме қоятын жерге қомыз да Скачать батырмасын басамыз. Ал, ең оңай жолы меніңше сол файл тұрған беттің HTML кодын ашамыз да, .mp3 деп жазып іздейміз. Табылған сілтемені браузерге қоямыз да түсіріп аламыз файлды.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту