Республика күні құтты болсын!!!
Наурыздағы 3 күн демалыс үшін құрбандыққа шалынған мейрам ғой бүгін.
]
Мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары соңғы кезде синоним есебінде қолданылып жүргендей… Шынымен солай ма?
Тәуелсіздіктің не екенін әркім өз деңгейінде түсінеді, ал «Егемендік» ше, осы сөздің жалпы этимологиясы, анықтамасы туралы кезіндегі «Социалистік Қазақстан» газетінің «Егеменді Қазақстан», сосын Шерхан Мұртазаның араласуымен «Егемен Қазақстан» болып өзгергенінен басқа не білеміз? (админнің сол газетке қызметтік қатысы бары басқа әңгіме)
Мемлекеттік егемендік — тәуелсіз мемлекеттің саяси-құқықтық дербестігін, халықаралық құқықтың бастапқы субъектісі ретінде жоғарғы жауапкершілігі мен құндылығын сипаттайтын, тәуелсіз мемлекеттің толыққанды әлеуметтік құрылым ретінде өз мәртебесін ерікті түрде өзгертуіне байланысты пайда болатын немесе жоғалатын, мемлекеттік билікті ұлықтап, басқа мемлекеттің билігіне бағынбауды білдіретін тәуелсіз мемлекеттің ажырамас заңи сипаты.
Опшым, егемендік дегеніміз тәуелсіздіктің заңдық сипаты болып тұр менің түсінгенім…
Негізі, айтпағым бұл емес, күнтізбеден алып тасталса да, мейрам етіп тойлағанымыз рас қой. Құтты болсын мереке! Бір-бірімізге деген ниет дұрыс, айналамыз тыныш болсын! ">
