Ескі архив · 25.10.2011 09:46

Вконтактеден аудио мен видео көшіру

Әлеуметтік желілердің ішіндегі аудио мен видеоға байы — Вконтакте. Осы сайттан қалай түсіріп алу керек деген сұрақ көп адамды мазалайтын шығар. Мен Vksaver программасын қолданамын. Мына жерден түсіріп аламыз алдымен: audiovkontakte.ru/vksaver/vksaver-install.exe Сосын программаны құрамыз да браузерлерімізді жауып тастап, қайтадан ашамыз. Осылайша программа браузерлерімізге қондырылады. Сосын керек видеомызды ашқан кезде видеоның астында мынандай S деген батырманы көресіз. Соған басып файлды түсіріп аласыз. Аудиофайлдар үшін де солай, әр файлдың астында S батырмасын көресіз.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту