Шымкентті шошындырған кімдер?
Соңғы күндері Шымкентті үрей билеп алды. Көшеде де, көлікте де, тіпті магентте де сақтандыру туралы суық сөздер өріп жүр. Жұртты дүрліктіріп, шошындырған кім? Бұл шындық па? Адамдар бір-бірінен сұрап, үрейленеді. Тіпті, 15-25 жас аралығындағы ұл-қыздарды құрбандыққа шалу туралы үнпарақшалар таратылған деседі. Ал, жұмыстағы бір апайымыз шеткері шағынаудандардың бірінде бір қыздың басын кесіп тастап кетіпті деген әңгіме айтып келді. Құдай сақтай гөр деп жаға ұстадық шынында… Бірақ, кеше облыстық ІІД Баспасөз қызметі үнпарақшалар таратқан екі азамат ұсталды деген хабар таратты. Олардың бұндай іске қатысы жоқ дейді. Кім біледі, бірнәрсені жасырды ма? Ал, енді бірі бұл жағдай діни ахуалмен, кешегі сотты болған Исматулламен тікелей байланысты дейді. Егер оны босатпаса… деген әңгімелер бар… Білмедім, басым қатып кетті…
