Жәннәт және Тозақ
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!
Жәннәт және Тозақ
Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады. Бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. Осы дүниеде тура жолмен жүрген мұсылман баласы Аллаһтың рақымымен Жәннәтқа кіреді. Олар жайлы Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін» (Бәййнә сүресі, 7-8-аяттар).
Ал Аллаhқа иман келтірмеген, Аллаһқа қарсы шыққан, адасқан қауым Тозаққа барады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді» — деді» (Әхзаб сүресі, 64-66-аяттар).
