Ескі архив · 29.10.2011 10:22

Кеше не бітірдім

Жазғы каникулдан кейін жаңа маусым басталғалы біраз болды. Жұмыс бабындағы дүрбелеңдері реттелген болар деп топшыладым, „Чемпионста„ ойнайтын рок-группа қайта жиналды. екі аптасын жіберіп, кеше тыңдауға барғам бұрынғы әдетімше. Біраз үзілістен соң барғасын ба, әлде басқа факторлар болды ма ойындары ауыз толтырып айтарлықтай керемет шықпады. Оның үстіне бастықтары форматтарын өзгертіпті, бір идиоттың берге плейлистімен ойнайтын болыпты. Сол кеште тек қана екі рок, бір рок-н-ролл болды, қалғаны блюз. Сосын да болар керемет кайф болмады. Амандық болса, 1 қараша күні Астанада боламын, бір керемет рок ойнайтын кафелер болса жақсы болар еді. айтып отырыңыздар.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту