Үздік саундтректер.
Менің быкусыммен:
Мен үшін ең үздік OST, тек қана мен үшін емес көпшілік үшін үздік саундтрек -Celine Dion — My Heart Will Go балладасы. Бұл Селин Дионның ең танымал әні. Бүл ән «ең үздік ән» ретінде «Оскар» және «Алтын глобус» сияқты беделді сыйлықтарға ие болған ән. Сонымен қатар бұл ән Селин Дионға бірден екі «Грэмми» сыйлаған.
Келесі, менің ең сүйікті фильмім «Сладкий ноябрь»дің саундтрегі — Enya-Only time. Осы киноны көргенде алғаш рет кино үшін жылағанмын. Түнімен ұйқыдан айырылып, киноны ойлаумен болдым, қатты әсерлендім шамасы. Сол фильмнен кейін әнші Енияны, актриса Шарлиз Теронды жақсы көріп кеттім, ал Киану Ривзге әңгіме жоқ. Әннің өзі керемет! Одан бөлек Енияның орындауыдағы «Властелин колец»тің «May it be» саундтрегін де айтпай кетпеске болмайды. Жалпы Ениянң барлық әндерін тыңдауға кеңес беремін!
Үшіншісі әйгілі мультик Шректің саундтрекгі — «Rufus Wainright-Hallelujah» әні. Жанның рахаты ғой, тыңдай бергім келеді, тыйдай бергім)).
Бұлардан басқа:
Леона Льюс -I see you (Аватар фильмінен саундтрек)
Мэнди Мур- Only hope (Спеши любить фильмінен саундтрек) ұнайды. Есіме түссе тізімді толықтыра жатармын.
