Ескі архив · 01.11.2011 10:43

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Міне, барша мұсылман сағына күтетін Құрбан айт мерекесіне де жеттік. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Сол арқылы Жаратушы иеміздің құзырында өзіне лайық дәрежеге қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті ешбір іспен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес» деп бұл құлшылықтың мәнін түсіндірген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Кім­де-кім мүм­кін­ші­лі­гі бо­ла тұ­ра құр­бан шал­ма­са, біз­дің на­маз оқи­тын же­рі­міз­ге жа­қын­да­ма­сын!» – деп ескерту жасағаны да бар. Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні Айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, айт­тың үшін­ші кү­ні Ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды. Үзір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты құр­бан айт на­ма­зы­на ба­ра ал­май қал­ған адам­ның, на­маз оқып бо­ла­тын­дай уа­қыт өт­кен­нен кейін құр­ба­нын ша­ла бе­руіне бо­ла­ды. Құрбан айты барша мұсылмандар үшін үлкен мереке. Оның тарихы сонау Ибраһим Пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) өмір сүрген алтын ғасырда мұсылмандардың Қиямет күніне дейін атап өтетін ең ұлық екі мерекенің біріне айналды. Әр жыл сайын жер бетіндегі бүкіл мұсылман жұртшылығы осы Құрбан айт мейрамын ерекше көңілмен мерекелеп келеді. ДерекКөз: www.muftyat.kz/index.php?newsid=4937 Демалыс беріле ме құрбан айтта?
Авторы:
Onlasyn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту