Ескі архив · 01.11.2011 01:51

Жүргізушілер нені ұнатпайды?

Төменде жазылғандарды газет бетінен алдым, әзіл-шыны аралас деп түртіп жазылыпты. -Жүргізушілер жаяу жүргіншілерді ұнатпайды, әсіресе шайқалып жүретін сылқымдарға "әй, сиыр, тез жүрсеңші" деп іштей ызаланып отырады. -Жүргізушілер жаяу жүргіншілерді құрметтемейді, әсіресе, жауынды күндері «саған сол керек» дегендей шалшық, лай суды шашып, өте шығатын көлік иелеріне не айтарын білмей, ызадан жарылып кете жаздаған талай жүргіншіні сіз де кездестірген боларсыз. -Таксишілер алдыңғы орындыққа еркек адамның отырғанын жақтырмайды, оның себебі әдетте көлікке міне-сала: «мынау мынадай екен, ә», "қай жылы алып едің" деп тірі тергеуге алатын ерлердің жөнді-жөнсіз әңгімесіне байланысты болса керек. Ал керісінше, алдыңғы орындыққа қыздардың жайғасқаны олар үшін бір мәртебе. Өздерін болса да жетпейтін ақшаның соңынан қуып жүргендей сезінетін таксишілер әдемі қыздардың алдыңғы орындыққа жайғасып, өздерімен танысып-білісіп, әңгімелесіп барғанына кәдімгідей марқайып қалады. Межелі жерге де тез жетіп, қызды жібере салғысы келмей, үйдегі бала-шаға мен қатқан келіншегін де бір сәтке есінен шығарып, бой жазып қалатынын қайтерсің. -Ер мінезді, серілігі қалмайтын кейбір таксистер қыздың берген ақшасынан бас тартып, мәрттік көрсетіп, телефон нөмірін жазып алғанын да қанағат тұтып, енді кездесер-кездеспесі белгісіз қарындастың алдында аспандағы айды әпергендей риза сезіммен кете баратыны да бар. Ал, кейбір ұяты аздау жігіттер ақшаны алып алған соң да ұялмай, телефон нөмірін сұрап қиылып тұрады. Осы жерде өз ойымды да қоса кетсем: -Жүргізушілер көлік кептелісін, арасы жиі орналасқан бағдаршамдарды және олардың кейде істен шығып қалуын -Арнайы рұқсат етілмеген орындарда жүргіншінің тоқтатуын -МАИ қызметкерлерінің шошаң ете қалатын ала таяқшаларын -Жауынды күндері биік машиналардың тапалды менсінбей кетуі (әсіресе ой жерлерде ) -автотұрақта бос орын таппай, сенделіп жүргенді ҰНАТПАЙДЫ. Сіздің қосарыңыз болса, Мархабат!
Авторы:
araika

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту