Керекинфолықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жылды қорытындылады...
Кворум
Баскенттің сол жағалауындағы «Керуеннің» үшінші қабаты «Керекинфоның» бастыжайына айналып келеді. Бүгінгі айтулы мәслихаттың кворумын Атыраудан Алмас (sigma), Қостанайдан Талғат (talgatjez), Алматыдан Һісеһ (qisyq), Бекжан, Қызылордадан Ләйлә (lyaila), Ақтөбеден Алдан (Aldeken), Әйгерім (AKY), Аршат (asaubota), Шымкенттен Жансая (Zhan) және мен құрадық. Abilakim Айсұлтанның шұғыл шаруалары шығып қалуы оның келмеуінің себебін түзді.
Жиналудағы мақсат
Әлбетте, «Виртуалдан — реалға» бет түзегендер төрт көз түгелдігін білісуді, қуаныштармен бөліспекті мақсат тұта келген шығар «Керуенге». Сәті түссе әлі де кездесеміз. Қандай болмайық, өзара жанашырлық сезімі бір-бірімізді шарқ ұра іздеуіміздің ұйытқысы деп ұқтым. Бүгінгі басқосуды пайдаланып, Аршат екеуміз ойластырып жасақтаған www.alempress.kz сайтының тұсауын кестік. Бұл ресурс әлемдік прессада жарияланған Қазақстан туралы мақалаларды қазақ тіліне аударып, оны интернеттің қазақтілді сегментіндегілерге ұсынуды көздейді. «Сайт туралы» айдарда мынаны оқисыз: «www.alempress.kz – Қазақстан туралы шет елдік басылымдарда жарияланған өзекті материалдарды тіке қазақ тіліне аударып, ол ақпардың бұқараға төте жол тартуына дәнекер болуға талпынған ресурс. Ақпараттық кеңістікте көп ретте жергілікті қайнаркөзден ары аса бермейтін талғамшыл интернет-аудиторияға сайтты ойластырып жасақтаушылар баламалы ақпаркөз ұсынуды көздейді».
Сайтымызға қызығушылық, қолдау танытқан бүкіл керекшілерге алғысымыз шексіз! Бәріңізді www.alempress.kz сайтын тамашалауға, посттарға өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.
Не талқыладық?
Сенбисттердің тыныс-тіршілігін, «өздігінен берілген мән» (по умолчанию) санатындағы оның мүшелерін, Сатыбалды пәлсәпасы мен ілімнің қилызаманология тармағын, «керекинфо» «арқасында» қолданыс аясынан бірқатар сөздің түсіп қалу қаупін, Алматыда бастау алған блогкемп дәстүрінің жалғассыз қалмау керектігін, Югославияда қазақ газетінің өкілдігін ашу идеясын, астаналықтардың (оның ішінде sammita’ның) әсіре жұмысбастылығын, ғаламарт пен Патьты, Атыраудағы бастапқы екі әрпі түсіп қалған «Қонақ үйді»…
Суреттер сөйлейді
Жансая беріліп отыр. Ойға.
Аршат www.alempress.kz таныстырылымын жасап жатыр.
Һисеһтың жон арқасы терлеп, делебесі еміс-еміс қозғалы жатқан интимді сәт:
Һисеһтең сатебалде тұйралі пүдіболкәсена жазелһан һаріптере де һисеһ болеб хеһте.
