Кто самый великий казах?
Номад сайты осылай деп бақыртып тұрып сауалнама жариялапты. Қажеті қанша соның? Бітти балалардың Арнольд Швартснегр мен Джеки Чан раз на раз шыкса кім жығады деген сияқты сандырақ қой. Ең алдымен кімнің кім екенін дұрыстап зерттеп алмай ма? Мағжанның сүйегін, Қасым ханның күл салғышқа айналған басын әлі күнге қайтара алмай отырғанымыз жоқ па? Оның үстіне «великий казахтарының» ішінде Абайды, Мағжанды, Шоқанды атамған. Олар қазаққа жатпай ма әлде? Еще аттарында әбден орысшалаған екен, жоқ орыстар «Ш»мен «Ж» ны біз сияқты айта алады ғой. Мында «Джанибек хан» мен «Мустафа Чокаев-ты» әрманин кып жіберген гой — нақ…
Осыдан кейін өзімді «НашаРашадағы» «Равшан» сияқты сезінетін болдым. «Джварадзе» деген сияқты «ДжанибекZе хан» демегеніне тәуба. Біздің 9 әріпті қоя тұрып Ш мен Ж ны айта алмаса білмеймін енді. Мұндай біздің қаламыздағы мүсіндердің ішінде де бар.
Валиханов Чокан деген қазақпен таныссыңдар ма?
пысы: араларыңда қазақ тілінің маманы болса Чокан, Чокай, Джанибектер неге осылай переименовать етіліп кеткенін түсіндіріп берсе екен?
