Ескі архив · 04.11.2011 17:52

Басыңды қатырма!

Бір профессор сабағына келген студенттерге қолына су ішетін кесесін алып: — Мынаның салмағы қанша деп ойлайсыздар?, — депті. Студенттер: — 100 грамм Келесісі: — 500 грамм Тағы біреуі: — 223 грамм,- деген екен. Профессор: — Ал мен оны осылай 5 минут қолымда ұстап тұрсам не болады? Студенттер: — Қолыңыз аздап тала бастағаны болмаса, аса жаман ештеңке бола қоймас. Профессор: — Ал, бір сағат көтеріп ұстап тұрсам? Студенттер: — Қолыңыз жансызданып, қан айналымы өзгереді. Содан соң біразға дейін қолыңызды сезбей қалуыңыз мүмкін. Профессор: — Бір тәулік ұстап тұрсам? Студенттер: — Онда сіздің ауруханаға түсуіңіз ғажап емес. Себебі, қолыңыздың хәлі мүлдем нашарлайтыны хақ. Профессор: — Негізі бұл кесенің салмағын өзім де білмеймін. Бірақ, ол аса маңызды емес. Бастысы, қандайда бір мәселе туындағанда сіздер онған 5 минут ойлансаңыз ол еш кері әсерін тигізбес. Егер миларыңызды ол проблемаға 1 сағат қатырсаңыз, ол сол күнгі алға қойған біраз жоспарларыңызға кері әсерін тигізеді. Ал, осы мәселеге бір күн бойы бас қатырсаңыз қаншама уақытыңызды сарп етіп, көп мақсаттарыңызға деген ынта-ықыласыңызды жояды.
Авторы:
Kuralai

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту