Ескі архив · 04.11.2011 11:35

Gmail-да жаңа интерфейс

Жақында барлық Gmail қолданушылары жаңа интерфейске көшіріледі. Қазір де өз беттеріңізбен жаңасына көшулеріңізге болады. Жаңа интерфейс өте қарапайым. Хаттар тізбегі бұрынғыдан да жақсы көрінеді, хат алмасушының аватары да шығып тұрады. Іздеу функциясы күшейтілген, хат іздеу енді оңайырақ. Темалар мен қатар интерфейсті де таңдауға болады, мысалы кең, тар, қарапайым. Чатты да қалаған жеріңе жылжытуға болады. Маған қатты ұнады. Google-дың басты қасиеттері: қарапайымдылық, ыңғайлылық. Осынысымен поштаның жаңа интерфейсі ұнады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту