Ескі архив · 04.11.2011 13:56

Тек қана ұстанған идеясы үшін сотталған адам

Жас Алаш газетінің №88 санында «Уахабизмнiң жоғын жоқтап, мұңын мұңдағандар Саят Ибраевты соттатып тынды» деген мақала шықты. Мақаладан үзінділер: Абзал Құспанов, С.Ибраевтың адвокаты, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесi: Тергеушiлер тобы Саятқа “Сен бiзге керек емессiң. Сен бiзге “Бұдан былай сопылық жолды ұстанбаймын. Одан бас тартам. Мен адасып жүрiппiн...” деген қолхат бере ғой” дейдi. С.Ибраев бұдан бас тартады. Өйткенi, С.Ибраев Ясауи ұстанған сопылық жолға ерiккеннен, не болмаса зерiккеннен келген жоқ. Шынқуат Байжанов, С.Ибраевтың адвокаты, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесi: Мәселен, Евгений Жовтистi алайық. Ол абайсыз жасаған қылмысы үшiн төрт жылға сотталды. Күйетiн жерiмiз, Саят Ибраевта сол абайсыз жасалған қылмыс та жоқ қой. Ләззат Ибраева, С.Ибраевтың әйелi: Бiр жылға жуық созылған тергеу әрекеттерi, 3 айға созылған сот тергеуi, үйге тiнту, ұялы телефонын тыңдау, барлық жазылған мақала, оқылған лекцияларын тыңдау, басқан iзi аңдылып, соңынан қалмай ерiп жүргендегi бар тапқаны – 2010 жылдың 19 мамырында “АБЖАД” интеллектуалды-танымдық клубы отырысында айтқан: “Уахабит, салафит, басқа “иттер” қаптап кеттi” деген бiр ауыз сөзi. Осы сөз үшiн ҚР ҚК-нiң 164-бабы бойынша “дiнаралық араздық туғызды” деп те соттауға болады екен. Саят ағайға сот үкiмi шыққаннан кейiн (25.10.2011 жыл) «Саят Ибраевты қорғау комитеті» құрылған екен. Бұл комитет қалың жұртшылықтың ақ-қараны өздерi айырып отыруы үшiн интернеттен «ibrayev.kz» сайтын ашыпты. Мұнда С.Ибраевқа қатысты мәлiметтердiң бәрi бар.
Авторы:
nurjanbay

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту