Ескі архив · 06.11.2011 14:11

МР3 жинағын жасау

Братан бір әскери тапсырма берді. Таңғы 5-терде ауылға қарай шығып кетпекші екен, соған жолда тыңдап барғанға бір диск жасау керек болып тұр. Бар орын — 8 ГБ (толтыру міндетті емес, көлемі 1 ГБ немесе 2 сағат ойнап берсе жетіп жатыр). Мүмкіндігінше қазақша әндерден. Шарттары: — ойбайлаған мұңды әндер болмауы керек. — ұйқыны келтірмейтін, ішті пыстырмайтын сергек (тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да «бодрый» :)) әндер болуы тиіс. — жаңа шыққан әндер болуы өте-мөте құпталады. Кімде қандай ұсыныс бар? Мәшинеде қандай әндерді тыңдаған жақсы? Алдын ала рақметімді айтамын.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту