Ескі архив · 06.11.2011 06:31

Шел ел тілдерінен орысшаға, орысшадан қазақшаға

Өттерің жарылса да айтайын на, бізде білім мен ғылым дамымаған, орыстардың білген білім-ғылымына, әріден алсақ, тіліне тәуелдіміз. Ғылым мен техниканы қоялық, қарапайым мысал ретінде әлем елдері мен қала атауларының қазақ тіліне қалай келгенін саралайықшы. Бағзы замандардан келе жатқан Грек (Hellas) дейтін халықтың Αθήνα [Асина] атты бас кенті бар. Арақ түбіне түспеген әлемнің саналы халықтары бұл қаланың атауын өз тілдеріне аударып алған. Олар «Асин» немесе «Атин» түріндегі аудармаларды пайдаланды, пайдаланады да. Ал орыстар мен славянтектес жамағат оны «Афина» формасында аударды. Орыстар Афины деп қолданады. Жаһандық білім мен ғылымға орыстар арқылы шыққан біздің қазақтар да Грекия елінің астанасын Афины деп енгізіп жіберді. Қазіргі аздап қазақыланған Афина атауы қолданысқа енген. Олай болғанымен де, бұл атауда қате бар. Қатесі сол, Гректің сөзін орыстың тілімен қазақшаға аудардық. Афина нұсқасын қолданып жүргенімізбен, ол сөздің де тікелей түпнұсқадан шықпағандығын ескеру қажет, түсіндіңдер ме, лібәттар? Тікелей аударғанда Гректердің елордасын Атина немесе Асина, бұл болмайды десеңдер, Атиндер немесе Асиндер деп атар едік. Амал нешік, шет ел тілдерінен қазақшаға сөз аудару үшін де орыстардың тіліне зәру болдық. «Түпнұсқадан тікелей аударамыз» деген әсетнұрпейісовтектестерді (щеголдарды) көріп жүрсіңдер на. Ирақ па, Ирак па? Орыстарда Қ әрпі жоқ. Сондықтан Саддамның отанына Ирак деген атау берген. Жеген екен, Қ-ның құйрығын жеген екен. Араб және күрт тілдерінде ق әрпі бар. Оның қазақша баламасы Қ әрпі, ағылшынша баламасы Q әрпі на. Сонда Ирақ сөзін қазақшаға аудару үшін әріп саны аз орыс тілін пайдаланбағанда нені пайдаланды деп ойлайсыңдар? Жоғарыдағы шаблонмен Филлипины, Нидерланды, Катар сөздерін жазып шығуға болады, бірақ қажеті шамалы. Уа, омыртқалылар жамағатының сүтқоректілер батальонындағы қандастар, орыстардың артынан жүріп шет ел әлеміне шығуды қоялық. Ақиқат салыстыру арқылы келеді. Тек орысшаға байланып қалмағайсыңдар. Келесіде Қазақшадан орысшаға, орысшадан шет ел тілдеріне атты нұсқасы шығады, kazakhтар.
Авторы:
Qojeke

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту