Цитата
Күріштің арқасында су ішіп қалайын)))
Ана посттағы коменттерден бас айналып кетті.
Жаңадан пост бастай салайын.
Ал, уәдемде тұрып, цитаталардан сый арнадым сіздерге.
«2002 жылы Мұхтар Мағауин „Алтын орда“ газетінің бірнеше санында Айтматов екеумізді тілі жеткенше жамандаған „Ешкі жетектеген екеу“ атты ұзақ мақала жариялады. Іле шала бұл мақала Мағауиннің өзі басқаратын „Жұлдыз“ журналының 2003 жылғы №1 санында жарық көрді және „Ильдан“ баспасынан жеке кітап боп та басылды»
М. Шаханов. "Қырғыз Эвересі және мәңгүрттендірудің егеуқұйрықтық тәсілі". Алматы, 2001, 173-бет.
Енді автордың өзі келтіріп отырған «Ешкі жетектеген екеу» деген Мағауиннің мақаласынан ұзын цитата:
«екі кісі ешкі жетектеп келеді. бірі Зор, бірі Шоң. Ал ортасында… кәдімгі кебенек. Сонда… бұл не пәле? қазақ пен қырғыз атқа мінуші еді. Есекке мінсе де айып емес. Ал, мынау ешкі дегеніңіз… Өзі жалғыз ешкі. Мұны қайтпек?»
Солай солай, аталмыш кітаптың «Шыңғыс Айтмотов — Шыңғыс хан шайқасында» атты тарауында екі Мұхтардың екі Шыңғысқа таласқан, бүкіл қазақ әдебиетінің марғасқаларын араластырып, билікке дейін шағым айтқан, сотқа бара жаздаған, ырылдасып, қаппаспаған шайқасы егжей тегжейлі суреттеледі…
Бәрін көшіріп жазуға ерінін отырмын.
Сіздер мына постқа қарай тұрыңыздар, мен «Меннен» цитата іздеп тауып көрейін… Есімде жоқ, қай тұсында екені…
ерінбесем, кейін таман Шахановтан тағы да цитата көшіріп жазармын.
ұзын сөздің қысқасы. «Менді» бұдан ары ақтаруға шыдамым жетпей барады. Бірақ, бар шашымды беріп бәстесем, сол кітапта Мұхтар Мағауин Айтматовты «Көрші елдің зооветтехникум ғана бітірген, әйтеуір ұлы орыс халқын мақтап жазғаны арқасында кітаптары шығып, мақталып жүрген жазушысы» дегенге ұқсас атайды. Сенбесеңдер, іздеп көріңдер.
Енді бір айтқам келетіні.
Айжантабын мана Мағауинді "қазақ емеспін" деп айтады деп, жерден алып, жерге салды. Дәлел дәйегім болмаған соң, үстірт каментпен шектелдім онда. Ал енді мынаны қараңдар: «Кіммін? Анық ақиқаты: тегім — кісі, дінім — ислам, нәсілім — түрік, ұлтым — қазақ, ұраным — алаш, есімім — Мұхтар, сойым — Мағауин». (М.Мағауин, «Мен», төртінші бет).
Өз романының басында осылай деп жазып отырған ақсақал, сөзінен танбаса керек ті.
Ал Айжантабындыкі бос сандырақ, ал өзі Мағауин шығармашылығынан мақұрым қалған деп білемін. Тым болмаса, мына жерден үзінділер оқып алуына болады: kazgazeta.kz/?p=6508
Шахановтың кітабына қайта оралсақ. Ең «тролльный» цитаталарды келтірейін.
М. Мағауин: «Эстрадалық әуесқой ақын М.Ш. сахнаға шығарда, конферансье айтпақшы, қабыл алыңыздар!» (184).
Айтматов Мағауин туралы: «Оқыған жоқпын, оқығым да келмейді. Ол мақала жөнінде таныстырм айтып берді. Ал, Мағауин айып етпесе, осы уақытқа дейін оның бұл өмірде бар, жоғын естіген, білген емспін. Қызақстанда танымал болар, шет жұртта мұндай жазушыны білмейді. Оның қараптан қарап жүріп, маған тіс қайрайтынына таңым бар» (190).
М. Мағауин: «Айтатындары: Шыңғыс хан жаман, қанішер, пәленбай қаланы қиратқан, пәлен жұртты жойған. біз айтайық, Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарының атының тұяғы тиген ешбір жерде ешқандай халық жойылған жоқ. бәрі де ата жұртында өсіп, өніп, бүгінгі күнге жетті. Әйтпесе, қолда тұрған қытайды қырып тастау қтын ба еді? Орысты орманымен қоса жоқ қылуға шама жетпеп пе? Сартты жер бетінен біржола көшіру тіпті оңай болатын. Олай жасамады. Ұлы қағанның мұраты — басқаны жою емес...» (192).
В общым, осылай.
Қысқасы осы, аз да болса, көптей көріңіздер.
