Банк құпиясы (Т.Т. Палташев дәрісінен)
Факультетімізге Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (Фримонт қ., АҚШ) профессор Т.Т.Палташев «Кристаллдардағы жүйелер» курсынан дәріс оқуға келген болатын. Дәріс арасында тыңдаушылар зерікпеуі үшін тақырыптан ауытқып, өзге де қызық әңгімелер айтады. Соның бірі «банк құпиясы» туралы:
Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ-та жемқорлыққа айыпталушы 4 шенеуніктің артын ашу үшін АҚШ соты Швейцар банкінен олардың есепшоттары туралы мәліметті сұраған екен. Әрине, Швейцар банкирлері оларды наққа жіберген:«Бізде бәрі құпия!». «Мақұл» деген АҚШ соты оларға «Мәлімет бермейтін болсаңдар, ендеше, өздерің куәгерлікке келіңдер» деп шақыру-хат жібереді. Әлгілер «Сендер кім едіңдер өзі» деп, одан да бас тартыпты. Жазбаша түрде, әрине. «Бопты» деген АҚШ соты тып-тыныш қана оларды Интерполға іздеуге беріпті. Ертесіне-ақ, әлгілер сотқа барлық АҚШ азаматтарының есеп-шоты туралы мәліметті жайып салған екен.
«Банк құпиясы әлі күнге бар деп ойлайтындар өте қателеседі» дейді ағамыз.
