Ескі архив · 08.11.2011 15:01

Гүлдер күнделігінен: Жаңа гүлдер

Осыған дейін де кейбір посттарда айтып кеткенімдей, гүлді тасымалдаудың бірнеше жолы бар. Ең қарапайымы — тұқымына тапсырыс беру, оны арнайы қағазға орап, сәйкес температурасымен жеткізсе, сапасына еш әсер етпейді. Тағы бір түрі бар, ол өскіндерімен жеткізу, яғни өсіп тұрған кез-келген жапырақтының бір бұтасын арнайы қайшы немесе секатормен қиып алып, корневинге бір малады да, грунтқа салып отырғызады. Сыртын газетпен немесе қатты коробкамен соққы тимейтіндей орап, тапсырыс берушіге жібереді. Жақында соңғы аталған әдіспен бірнеше өскін алдым. Солармен таныстырсам деген ниет бар. Атыраудағы сауда орындарында бөлме гүлдерінің аздығына және қымбаттығына байланысты, алыс болса да, Алматы және басқа да облыстардан іздеу мен үшін әлдеқашан әдетке айналған. Арнайы сайтқа кіріп өз қалаған сортыма іздеу саламын да, кері жауап жазған адаммен байланысқа шығып, қалаған өскінді ала аламын. Сондай бір кезекті іздеу барысында екі түрлі бальзамин (Velvet Love, Niamei)мен бір пеларгония сортын (Red Pandora) қаладым. Бальзаминнің бұл сорты басқаларға қарағанда көнбіс емес, жапырақтарының түсі есебінен декорды ашып тұрады, гүлдері орхидеяға ұқсас. Жапырақтары ұзынша келген, гүлдері ерекше Ниамей бальзамині Бұл Red Pandora деп аталатын пеларгонияның бір сорты, ерекшелігі — гүлі лалагүлге (тюльпан) ұқсайды, бірақ соңына дейін ашылмайды, сонысымен де керемет! Пеларгонияның бұл сорты гүлінің ерекше түсіне бола таңдалды. Бұлардың бәрі шетелдік селекция нәтижесінде туындаған. Қолдан қолға жеткізу, өсіру оңай шаруа емес екенін оқығам, соны өзім енді тексеріп көрсем деп отырмын. Сонымен қолға түскен бұлар әлі де стресстен/жол қиындығынан арылар емес, көп дегенде екі апта керек. Алдағы уақытта тәжірибе барысын баяндайтын боламын. Назарларыңызға рахмет.
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту