Шет елдік сериалдар арасында Қазақстан атауы :)
Түрік сериалдарының
ішінде өзіме қатты ұнағаны «Мың бір түн»(Шехризат). Сериал көру барысында, Қазақстандағы компания жайлы, екі елдің арасындағы байланыс жайлы бірнеше сериалында айтып, көрсетіп жатты. Ажь кейбір жерінде Алматыны басым айтты. Сол тұста, уау, бізді айтып жатыр, даж, Алматыны айтты деп мәз болғанмын. :) Қазір өкінішке орай, түрік сериалдары, тым қызу қанды, атыс/шабыс т.б. көбейген соң, көруді қойып кеттім :(, есесіне, Корей сериалдарын жібермей көретінді шығардым :) Корей сериасында басқа пәлсапа, басқа ой, сұлу бейнелер т.б. көп факторлар әсер еткен болуы керек)))
Жақында Корейлік,
«Алтын келін»(Золотая невеста) сериалын көрдім. Бәрлығы ұнады :), тек сериалдың ұзақтығы(64 серия) болмаса. :(. Көріп отырып, басты кейіпкер бала(жігіт/еркек қалағаныңша атай бер) жұмыс жасаған компания өкілдері бірнеше рет Қазақстан жайлы айтып қалды, елең ете қалдым))) Расында, ол сериал ретингтен орын алғандығын еске алсақ, бізден басқа да бірнеше мемлекет көрді деген ойдамын. Мүмкін оған себеп табиғи байлығымыз, я біздің саяси/экономикалық жағдайымыз әсер еткен болар. Онда да ажь әдемі сезіп қаласың өзіңді)))
ПС: Алтын келіндегі, ауру бала, оның жұбы, сүйкімді қайын сіңлісі, және үлкен, дәууууууу махаббат ұнады, көруге тұрарлық ;)
