Ескі архив · 08.11.2011 20:04

Қытай оқушылары оқулық орнына планшет пайдаланатын болады (Т.Т.Палташев дәрісінен)

Қытай үкіметі мынадай шешімге келіпті: Мектеп оқушыларына арнап бәленбай оқулық басып шығарғаннан гөрі, оларды планшетпен қамтамасыз ету қолайлырақ. Осыған орай Қытайдағы ең ірі фабрика мемлекеттік тапсырыс бойынша планшетті көптеп шығаруды қолға алып отыр. Планшетке арналған процессорды жасауға АҚШ-тың компаниясына тапсырыс беріліпті. Бастапқы сериялық өндірісі — 30 млн. болмақ. Бұл дегенің кез-келген АҚШ планшет шығарушыларынан бәленбай есе асып түседі деген сөз. Осыған орай, Қытайдағы планшет бағасы 150 доллар көлемінде болмақ деген болжам бар. Бәлки, экспортқа шығып, бізге де арзан бағамен жетер. Планшет алуға асықпаңыздар, ағайен! Жалпы, «2020-ға дейін электроника державасы — Қытай болады» дейді ағамыз.
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту