Сонымен, 31 арнадағы жаңа сериал "Қауіпті махаббат" деп аталады!!
Сонымен тағы да таныс бейнелер!!! Назарларыңызда 31 арна ұсынғн түріктің "Қауіпті махаббт" телехикаясы.
«Қауіпті махаббат» телехикаясы – түрік әдебиетінің классикасы, жазушы Керим Надирдің «Құс жолы» романының желісі бойынша түсірілген.
Балаң жігіт Неджат, бөлесі Зюлалға ессіз ғашық болады. Сұлу да еркін, әрі өжет ару бозбаланы көзіне де ілмейді, тіпті мүмкін болса оны кемсітіп қалуға бар. Әдемі кештердің бірінде Неджат қызға сезімін білдіреді. Алайда, Зюлял жігіттің бұл қылығын күлкіге айналдырып, тіпті бозбаланы елемейтінін дәлелдей түсу үшін, оның жақын досына тұрмысқа шығады. Ал, Неджат болса жүрек түкпірінде жатқан жанды ұмыту мақсатында, басқа қалаға қоныс аударады.
Жылдар өте береді…
Зюлялдың отбасылық өмірі баянды болмады. Жарым деп сенген жанның опасыздығын көрген ол, ажырасып кетеді. Тек, осыдан кейін ғана бойжеткен Неджаттың өзіне деген адал махаббатының бағасын түсінеді. Тіпті, осы жылдар бойы жүрек түбінде бөлесіне деген беймәлім жылылық болғанын сезінеді. Өзін шын пейілімен сүйген Неджатты кезінде елемегеніне өкінеді.
Осы уақытта Неджат әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін, туған қаласына келеді. Зюлял мен жігіт зират басында кездеседі. Арада жылдар өтсе де, бойжеткеннің тұрмыс құрғанына қарамастан Неджаттың оған деген сүйіспеншілік сезімі титтей де әлсіремеген еді…
Бұл сериалдың сценарийі жақсы, әрі тартымды болады деп сенміз. Жалпы, қазақта бөлелер бір-бірімен үйленеді ме??
