Ескі архив · 11.11.2011 12:31

Қазақша сөйлеуді мода қылайық!

Кеше Астанаға бір қайынапам (қайынәпке) келді іссапармен. Негізі біз білетін аты орысша. Бірақ, кеше қонақүйге орналасып жатқан кезде байқағаным аты қазақша құжат бойынша. Әйелімнен сұрадым неге олай деп. Сөйтсем жездеміз өзгерттірген екен. Олар Ақтөбеге жақын Алға қаласында тұрады. Орысшалау жер. Жезде де бұрын мен ең алғаш көрген кезде кәдімгі орыс-қазақ еді. Бір ауыз қазақша білмейтін. Ішетін, достары орыс, орысша сөйлейтін, қолынан бәрі келетін, ұзын шаш қоятын типустар болады ғой. Дәл сондай еді. Кейін өзгерген. Алдымен өзі дұрыстап қазақша үйренген және салт-дәстүрді. Сосын бала-шағасына үйреткен. Олардың үйінде қазір орысша сөйлеуге болмайды, балаларына, немерелеріне ескертіп отырады "қазақша-қазақша" деп. Қазір де сол образында ғой. Ішпейді емес ішеді, араласатын адамдары да орысша. Бірақ, ол қазақтармен қазақша сөйлеседі. Тіпті ай, күн аттарын да қазақша айтады. Кеше понедельник, декабрь деп отырып біртүрлі ұялып кеттім апайдан. Айтайын дегенім ниет болса адам қазақша үйреніп, сөйлей алады. Ортам жоқ, айналам бәрі орысша деген сылтаулар қыршыған әңгіме. Адам үйренгісі келсе үйренеді. Тілді дамытудың ең қарапайым әдісі осы — өзіңнен бастау. Өзің қазақша сөйлеп жүрсең айналаңдағылар да қазақша сөйлей бастайды. Қоғамда да әдемі қазақшамен сөйлей берсең мода болып қалыптасып кетеді. Тілімізді мода қылайық достар!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту