"Мақалыңа мақал!" немесе шетелдік мақалдардың қазақша баламалары
Бұл жерде орысша, ағылшынша, түрікше, тамильше мақалдардың қазақша сәтті баламаларын жинағым келеді.
Өздеріңе ерекше қызықты әлем елдерінің мақал-мәтелдерін жазып, бірге аударуға тырысып көрелік. Аудармасы бар болса, одан да сәттісін іздеп көруге болады.
Мысалы:
Біреу жазады:
«Клин клином вышибают»
Екіншіміз:
«Батқан пілді піл ғана шығара алады.»
Үшіншіміз:
«Уды у қайтарады»
деп ұсынуымызға болады.
ТӨМЕНДЕГІ ШАРТҚА НАЗАР АУДАР:
Әрине, ең мінсіз балама қазақта бұрыннан бар мақал-мәтелдер екенін сезіп отырған шығарсыздар.
Бірақ, ондай мақал естеріңе түспей жатса, көркем аударма жасап жіберуге де болады.
Бастысы — аударма пішіні жай сөйлем сияқты емес, қанатты, тілге үйіріле кететіндей жеңіл,ұйқасты, қазақы менталитетке жақын, қысқасы мақал-мәтел пішініне мейілінше ұқсас болғаны дұрыс.
ЕСКЕРТУ!!!:
Тура мағынасын емес, ауыспалы мағынасына көбірек мән берген дұрыс.
Әр шет тіліндегі жіберген мақалдарыңа жеке менен бір үлкен плюс болады!:) Ал, жіберіңдер аттың тасын!
