Ескі архив · 16.11.2011 10:23

КІМДІ ТАҢДАР ЕДІҢІЗ?..

Сіз жолда көлік жүргізіп келе жатырсыз. Міне автобус аялдамасының жанынан өтіп бара жатып сіздің көзіңіз үш адамды шалып қалды. Олар: — жаны қиналып, ауырып турған егде тартқан қарт адам; — көптен кездеспеген ескі досыңыз; — сіздің арман-қиялыңыздағы бойжеткен (қыздар үшін бозбала). Сіздің көлігіңізге бір-ақ адамды отырғызуға болады. Ауруы жанына батып тұрған қарияны емханаға жеткізіп саласыз ба? Көптен көріспеген досыңызды салып алып, мәре-сәре боласыз ба? Жоқ әлде, бұдан кейін, бәлкім, мүлде кездеспейтін аруды көлігіңізге отырғысасыз ба? Сіздің таңдауыңыз?..
Авторы:
know_how88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту