Әнің жақсы, ән салшы!!!
Шаба Әденқұлқызының концертіне бардым.
Сол концерттен бірнеше фото және видео қояйын десем, қойылмай жатыр. Өткен жолы да осылай болып еді, неге екенін. Менің компьютерімнің бір қырсығы бар ма деймін.
Әрине, «партия қайда болса, біз сонда!!!», официозсыз бір шара өтетін бе еді? Шабаға «Жас отан, жастар қанаты» «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің мүшесі деген ресми атақ берілді.
Ұнаған әндердің видеосын ұсынамын
«Көзіңнің мөлдірін-ай». Мен бұл әнді ең алғаш Гүлзира Бөкейханқызының (Қытайдан келген) орындауында естіген едім. Жалпы, сол әнші алып келді деп ойлаймын осы әнді. Кейін өте танымал болып кетті ғой. Әдемі ән. Бүгінгі кеште гитараның сүйемелдеуімен шырқалды.
Шаба Әденқұлқызы Т. Теменовтың «Менің күнәлі періштем» фильміндегі әндерді орындаған екен. Соның айғағы ретінде, сахнада «Besame Mucho-ның» бір шумағын айтып берді.
Қытайдан келген қазақтардың екінші «визитная карточкасы» "Қара жорға" ғой. Сол ән мен бидің Шаба Әденқұлқызы ұсынған интерпретациясы өте ерекше шықты.
Кеште негізінен Шабаның өз әндері орындалды. Әндерінің бәріне ортақ стилі бар, аранжировкасы да өзіндік. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Ана» әні.
Әндерінің бәрі осы стильде.
Өзі де, әндері де, әншілігі де ұнады.
Нұрлан Албанның апашкаларының арасында мынадай үлбіреген «кемпушка» тұр екен.)))
