Ескі архив · 18.11.2011 12:08

Нұрберген Мақым: Байғұс қазақ қызы

Мына бір жерде KILYZAMAN ағамыз "Қазақ қызы" деген тақырыпта жазылған «Дала мен қала» газетінің мақаласын көшіріп салыпты ғой. Соны қарап (оқып емес) отырып, nurbergen_makym атты керекшінің блогынан бұрын бір оқыған жазбасы есіме түсті. Өзіме кереметтей ұнаған қазақ блогшыларының жазбаларының бірі. Былайша айтқанда, мендік Топ-10-та:) Осы жерде оқымаған адамдар болса оқи отырсын деген оймен жариялаймын. Рұқсат алмадым, Нұрберген, кешірерсің деген үміттемін. Сотқа берем десең, өзім туралы деректерді қосымша, поштаңа лақтырам) Қазір, өз әлімізше ұлттық идентификациялану үдерісінен өтіп жатырмыз ғой. Осы процесстегі маған анық ұнамайтын бір айшық – қазақ қызының эталонын жасау. БАҚ арқылы анау да тиіседі қазақ қызына, мынау да тиіседі. Кей-кезі байғұс қазақ қызын аяп та кетемін. Ол да адам баласы ғой деп… Біреуі шығады: «Қазақ қызы ешқашан бетін тұмшаламаған». Уа, көке, біз зайырлы мемлекетте тұрып жатырмыз. Паранджалы қыз көрсеңіз ішіңіз өтіп кете береді екен, заңға қарсылық білдіріңіз. Әйтпесе, қанша игі мақсатты көздесеңіз де, өзіңіздің ұлттық палитралы мораліңізбен адамдардың құқығына қол сұғып отырсыз. Ұлттық қауіпсіздікті меңзеп едім дейсіз бе? Онда, құдай үшін, мәселені сол клишеден қарастырыңыз. Қазақ қызын кірістірмей. Рассматривайте проблемы в иной плоскости: то бишь, причины, повлекшие данный субъект к данному выбору; вытекающие отсюда обстоятельства, то есть, факторы прямой угрозы нац.безопастности. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік мәселесін тарихи тәмсілмен шешу… Жиренше шешендер заманында қалған. Сосын, көке, не ғой: бұл жерде «ешқашан» деген сөзіңіз сондай орынсыз. Пәленбайыншы жылдың пәленінші айының пәлен күнінде бірінші қазақ қызы бетін тұмшалағаннан бері бұл сөзді қолдану… А-а, түсіндім-түсіндім, сіз баяғыда деп отыр екенсіз ғой. Онда, баяғыда қазақ қызы бетін тұмшаламаған, Сhiristian Dior әтірін сеппеген, кино қарамаған, Ньютон заңын білмеген… Құдайым-ау, киіз үй шеңберінен тыс дүниенің бәрін аластатайық онда қазақ қызынан. Өткен біразда, бір шал (шал екенін көршіміз болғандықтан білем) көлдей етіп мақала жазыпты газетке, «Бұрымды қыз – бұрынғы қыз» деп. Қазір, қыздардың шашы қысқарып кеткеніне, бұрынғыдай ешкімнің шаш өсіріп, шашбау байламайтынына налиды, очм. Сосын, ұрсады, енді… Бірақ, осы шалдың қызы мен келіні тұрмақ, жетпіске жақындаған кемпірі де шашын қызыл түске бояп алып жүр. Ептібайымайд-ай! Осы шалдың бұлайша көлгірсуіне моралдық құқы бар ма?! Жә, бұл шалды қойш – маразм ғой. Аға ұрпақ атанып жүргендердің осындай құқығы бар ма?! Олардың тек қазақ қызы емес, жалпы, біздің ұрпаққа қатысты қандай ма бір нәрсеге өкпелеуге құқы бар ма?! Адами тұрғыдан, әлбетте. Кез-келген теңдеуді шешу барысында бір ғана амалдан қате жіберілсе, дұрыс шешімге қол жеткізу мүмкін емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Соның ішінде, мұны бізге үйреткен аға ұрпақ та. Ал, өмір Пуанкаре теңдеуінен де күрделірек сияқты. Ондашы, бір теңдеуде 1 000 000 қате жіберіп алып, нәтижесінде шыққан «Ү» ( «Y generation» деп оқысаңыз да болады) мәніне ренжудің қажеті қанша?! Бұл, енді, «2+2 мәні неге 5 немесе 4569 болмайды?!» деп Перельманның ашуланғаны іспетті көрініс: не абсурд, не Перельман қуып кетті. Ал, жарайд, не бір құйтырқы технологиялардың бәрімен қазақ қызы атаулыны жаппай ибалы, арлы, ұятты, инабатты, қойшы, әйтеуір бар тәуір қасиетті бойына сіңіріп, шашын өсіріп, бүрмелі көйлек киіп жүрсін. Онда, олардың әлгі бетін жапқандардан не айырмашылығы бар?! Міне, саған, инкубатор, тойыс, эталон (терминдерден көп шатасам, осы)! …біз өзімізді де-факто әм де-юре тәуелсізбіз деп жүрміз ғой. Бірақ, ментальді деңгейде емес екенбіз. Құдды «енді, өзі иелігің өзіңде» деп, далаға апарып тастаған қой сияқтымыз. Сатыбалды, сенің «мал, әкесс!» тіркесіңнің сыры осы ма ед?! ЖАЗБАНЫҢ СІЛТЕМЕСІ
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту