Ескі архив · 18.11.2011 21:06

Үйшік-үйшік ойнайық!

Кешкі тамақтан кейін балаларымды еркін ойнатып қойып, өзім интернет аралайтын әдетім бар. Қазір де азан қазан болып ойнап жүр. Өздері бір кішкентай отбасы. Жаңа бір әзірде қызым қуыршағын көрпешеге орап алып, перзентханадан шығып жатқан. Оны «күйеуі» Талғат (үлкен ұл) пен «баласы» Ердос (кіші ұл) күтіп алды. «балаға қарай тұршы» деп айқайлап қояды арасында. Енді қазір, қыз бөпесін көтеріп дәрігердің алдына келіп отыр. "Іші ауыра береді, аяғы да сынған" деп қояды. «Дәрігер» қағазға бірдемені мұқият жазып болып: «Трахисан беріңіз, күніне үш реттен» дейді. "Үлкен балам да ауырып жүр, тамағы ісіп кеткен". Оған «Канефрон беріңіз, күніне төрт рет». Бір кезле «дәрігер» «балаларыңыздың туған күні қашан?» деп сұрады. Қыз: «Біреуі тамызда, біреуі қазанда туған» деді. Бәрін жазып болғаннан кейін: "Қай жылы туған?" деп сұрады «дәрігер». Бәрін білгенде, төрт жасар «мамаша» жыл санау білмейді екен.)))
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту