Еуразия жұлдызы Ардақ Балтиев
Еуразия жұлдызы жобасының Қазақстандағы іріктеу турларын, финал концертін толық көріп шықтым кеше. мына сілтемеден: www.trt.net.tr/trtavaz/vodcast.aspx?GRKod=1054db7f-f5eb-485f-8186-24520dd7a8c2&MKod=973b859c-25b3-44d3-926e-993e8793ba44
Жоба туралы: Жоба Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғыстан және Түркменстан елдерінен дарынды әншілерді іріктеп сол 6 мемлекеттен келген жұлдыздардың арасынан 2012 жылға бір Еуразия жұлдызын сыйға тарту мақсатында TRT Avaz телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілуде. Қазақстанда өткізілген іріктеу кезеңінде Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, Түркиядан Бурак Кут әділ қазылық жасапты. Финал концертінде болса Меруерттің орнына Ләйла Сұлтанқызы келіпті. СМС дауыстар арқылы финалдағы 10 кісінің ішінен Ардақ Еуразия жұлдызы атануға жолдама алды.
Мынау қорытынданы жариялаған кездегі сәт :)
