Ескі архив · 19.11.2011 20:31

Керектің акулалары жайлы

Гаста Венераның «Анкета» атты постында «Талай қыздар өстіп сызылып бастап еді Қазір бір-бір акула))» — депті Тек қана осылай емес, бетпақ деп те, көк деп те атап жатады осында қыздарды. Админ шырақ қыздарды тупица десе, Нұрғиса тістеп қалуға даяр. Сатекенің жөні мүлде бөлек, ол ген тұрғысынан жек көреді. Айта берсе, көп-ақ Ойлаймын да, соншалықты бізді жек көретіндей не істедік екен деп. Осы жердегі жігіттерге сен езсің, оңбағансың т.с.с ешнәрсе айтқанымыз ол жоқ. Сонда да, қыздарға деген негатив бар. Жәй, ойлаймын да, неге осы қыздарды еркелетіп отырмасқа?! "Қарындас" деген қандай жылы естіледі. Ұра берсең, қорқақ та батыр болады деген. Қыздар мынадай, андай деп осы жерде тиісе бергенге, әрине қыздар лайықты жауабын береді. Содан келіп, тағы да қыздар кінәлі болып шығады. Шөбі шүйгін жердің ешкісі мен тақыр жердің ешкісі екі түрлі болады. Алғашқысы мамыражай болса, екіншісі бақырауық. Бізді еркелетпейміз десеңдер де ешкім ренжімес, тек ер аттарыңа лайық болып, өздеріңді биік ұстаңдаршы, жігіттер!
Авторы:
balzaminka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту