Screenr.com: Скринкаст жасайтын тегін онлайн бағдарлама
Интернет — дұрыс пайдалана білгенге өте-өте тиімді. Пайдаңызға жарайтын бір бағдарлама тауып алдым жақында: screenr.com Бұл — компьютердегі жұмыс үстелінде жасаған әр әрекетіңізді видео ретінде сақтайтын бағдарлама. Интернет қолданушыларының компьютерлік бағдарламалар жайлы бөліскісі келетіні болады. Шет елдерде бұл-видео арқылы тәжірибемен бөлісу әдісі-кең таралған. Біз де бұл әдісті үйреніп алып, өзіміздің білім беру контентін көрнекі, интерактивті түрде ұсынуды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.
Сонымен, screenr.com — интернетте орналасқан, тегін видео жасайтын бағдарлама. Арнайы тіркелуіңіздің қажеті жоқ. Егер сіздің фейсбук, туиттер немесе gmail.com-де аккауынтыңыз бар болса, сонымен кіре салуыңызға болады. Ары қарай видеодан көрсеңіз болады.
