Сілтемесіз сурет
Мында «Жас қазақтың» 4-қарашадағы санында менің және Ботакөз Икрамованың блогынан газетке екі жазбаны салып, блог авторының атын кіші әріппен жазғаны мені ренжітті. Қазақ тілі заңдылығында адам атын үлкен әріппен жазылу керектігін естен шығарса керек. Тағы байқағаным, осында Жанасыл атты қолданушының той суретіндегі фотосын сілтемесіз іліп қойған. Бұл газеттен ылғи осындай қателер өріп жүреді. «Жас қазақ» журналистері газетті баспаға жіберерде газетті бір қарап шықсаңыздар екен. Және біреудің атын дұрыстап жазып, еңбегін елеуді үйренсеңіздер екен.
