Ескі архив · 22.11.2011 19:48

Байтасовтың суреттері

Өткенде Таразда болған жарылыста ерлік көрсеткен Байтасовтың суреттерін алып едім. Назар аударыңыздар. Ең жаманы 21 қараша баласына сүндет(арнайы sammita үшін) той жасамақшы болыпты. Әттең… Жарылыс туралы айта берген онша ұнамас. Сонда да оның өмірінің кей сәттерінен хабардар болыңыздар. Капитан Байтасов Ғазиз Әбдібекұлы 1971 жылы 3 сәуірде Тараз қаласында туылған. Мектепті Жуалы ауданы, Түймекент ауылында бітіріп, Қарағанды политехникалық институтына түседі. Кешкі бөлімде оқып жүріп жұмысқа тұрады. Әкесінің қайтыс болуына байланысты Тараз қаласына ауысып келіп, сырттай Қаратау техникалық колледжін бітіреді. Осыдан кейін ол «Әл-Фараби» атындағы ұлттық университетке заңгер мамандығы бойынша түсіп, 2002 жылы аяқтап шығады. 1997 жылы жары Гүлжамалмен отау құрады. Жұмыс жолын 1992 жылдың мамыр айының 12-сі күні қатардағы жол полиция инспекторлығынан бастайды.
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту