Нөмірі 889-ыншы азаматтық процесс: штат Айдахо @KILYZAMAN-ға қарсы
Уа, Исаның ала жібін аттамаған буддажар болғыр жама'ат!
2011 жылдың 22 қарашасы күні сағат 19:50-де, @KILYZAMAN атты қолданушының жұмбағы жарық көрді. Жұмбақтың — аударма екені көзге ұрып тұрғанымен қоймай, себеп-салдарлық тізбегі жоқ болып шықты. Бірақ ішпиен шынымен мықты бірдеңе жасырған кісінің кейпімен отыра берді. Жауабы, ом манэ падмэ хуум! — жаңқа болып шықты.
Көті қарақты кез келген христианин, жаңбыр күні ылғал жаңқаны еш жерге қашырмай ұстап алуға болатынын біледі. Тап сондай қисынмен дұрыс жауап шаң-тозаң, бақ-бақ болып та шығуы мүмкін емес пе? Ал кешке кемпірдің қайдағы жаңқа үшін тігіліп қайта баруы тіпті күлкілі. Әрине, бұл күлкінің алдында — адам баласы миының осынша деңгейге түсуіне қаймығып, ойбайлап жылап алатынымыз тағы бар.
Сөйтіп, жұмбақтың принципі — тек қана бір дұрыс жауап болуы екендігін тасшылыққа ала отырып, @KILYZAMAN-ді әділетсіз назарларыңыздың сотына ұсынамын. Жапа шеккен айыптаушы жақ ретінде, аталмыш кісіден Актив — 1 500 бірлік талап етемін.
