Ескі архив · 22.11.2011 15:41

"Шаба деген кім?"

Басқаларын қайдам, өз басым «Хит ТВ» арнасының жаңалықтарын қабылдай алмаймын. Тілшілері қалай болса солай мәтін жазып, эфирге жібере салады. Мүмкін, жаны ашитын қазақ басшылары жоқ болғасын шығар. Бұл көрермен ретінде мені қанағаттандырмайды. «Хидлайнер» деген бағдарламасымақта «Шаба деген кім соншама?» дегенге саятын сюжетті көріп, ішім жылады. Өз басым Шаба Әденқұлқызын құрметтеймін. Соншалықты танымал емес шығар, бірақ біздегі көптеген жұлдыз болып жүрген жандардан әлдеқайда биік деп ойлаймын. Даусы жағымды, ұлттық өнерден сусындап, елім деп шеттен келген қандасымыз. Үйдегі 14 арнадан татымды түк таба алмай отырғанымда, Хит Тв-дегі даусы таныс қыз зуылдап жатыр екен. Есімде қалғанын айтып берейін: «Бізге Шаба деген біреудін концертіне шақырту қағазы келді. Біз оны танымайды екенбіз. Кім екенін білейік деп барсақ, Тоқтар мен Бейбіт тағы басқа жұлдыздар жүр екен. Бір қызығы, Шаба бірде бір клип түсірместен, жеке концертін беріп жатыр. Мұнысын түсінбедік. Концерттен соң Шабаға тезірек клип түсір деп ақыл айтамыз». Есімде қалған жолдар осы болды. Сонда, танымал болу үшін тек клип түсіру керек пе?! Бір-бірінен аумайтын, ашық-шашық, арзан бейнебаяндарға көзіміз тойды.Нұрғали Нүсіпжанов бастаған біраз азамат клипсіз-ақ құрметке кенелді ғой. Хит Тв-ның ақыл айтқыш тілшілері жұртты сынап-міней бергенше, өздерін түзеп алса екен…
Авторы:
manfan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту