Таныс болыңыздар: talgatjez
Талғат Байназаров — talgatjez
Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Менің де КерекИнфоға келуіме Блогқұрылтай себепкер болды. Бірақ менің мақсатым — Назгүл сияқты репортаж жасау емес, бәйгеге қатысып жүлде алу деген «арам» ойым болған :). Ал Блогқұрылтай туралы Уордпрессте енді блог ашқанда, кк.уордпресстің басты бетіндегі ең қызықты блогтардың біреуіндегі (қайсында қазір есімде жоқ) баннерден білдім. Сөйтіп, Блогқұрылтайдың жаңалықтарынан хабардар болу үшін Керекке де тіркелдім.
— Күніне неше рет кіресің?
— «Күнде, интернет әр ашқан кезде Керекке кіремін» десем, сенбейсіңдер, иә?)) Негізі, кемінде бір рет кіремін. Бірақ пікір қалдырмаймын. Сондай әдетім бар… Мен кіретін сайттар да санаулы: пошта (джмейл), geogebra.kz, Керекинфо мен Туиттер.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— «Суреттер сөйлейді» деп Одмин аканың, Айжантабынның шығаратын фотожазбалары, сосын инет, технологияларға қатысты қызықты ақпарлар.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Мыналардың: (реті приоритетті білдірмейді) Қарасақал, Асаубота, Омарбырат, Гаста, Қисық пен Нұрғиса. Неге ұнататын пікірлер тек жігіттердікі ғана деп, қыздар ренжимесін, бірақ сондай боп тұр екен)) А, сосын АКУ да бар осы тізімде.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Керектегі жазбаларым саусақпен санарлық. Бірақ марқұм matemkz-дағы жазбаларымды, әкем, қарындасым, оқушылар, әріптестерім-бәрі оқитын)
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Логотип керек. Өзіндік қайталанбас әдемілігі бар, ерекше логотип.
Сосын сайтта видео-звонок деген функция қосылса… деп қуып кетсем, ә?))
Қалжың! ) Жоқ, қосатыным жоқ. Бәрі әдемі, маған ұнайды.
Пысы: сұрақтарыңызды 16:00-дан кейін қоюларыңызды сұраймын, оған дейін сабақ :).
