Ескі архив · 22.11.2011 12:14

Топас, сауатсыз, ұры журналистерге арнадым!

Бес башпай бірдей емес, Журналистердің барлығы ұры емес. Байқасам, Керекинфодағы сурет, мақала, әңгіме, қысқасы, ұрланбаған нәрсе қалмапты. Ұры журналистер осы мақаланы оқып отырғанына сенімдімін. Бірақ мұны ұрламайды олар. Журналист болып, қолына қаламыңның атасына нәлетін ұстап, көп қаламақы мен газеттің көп данасын өткізуден дәмелі арамтамақтар мен сауаты жоқ, басындағы ми қыртыстары терең емес адамдар «Браузерге қуат берсін!» деп қойып Интернет сайттарға жорыққа шығады. Бұрын Уордпрестегі блогтар ашылып тұрғанда оңай олжаға кенеле кететін ұры журиктер енді күз келгенде жейтін шөп таппай маңырап қалатын малдарша Керекинфо мен басқа да «тірі» сайттарға тарпа бас салды. Аш малдың көзіне түскен шөпті жей беретіні сияқты ұры журналистер де көзге түскен дүниені копипасттап алады… Болды, ұяты бар ұрыларға жетер осы сөз де. Қазақ журналистерінің көбісін (бәрін емес!) түсінбеймін. Төрт жыл, одан кейінгі бірнеше жыл бойына ай қарап жүрген бе? Кейбір топас журналистер Associeted Press (AP) агенттігінің фотосын алып, газеттерінің меншікті тілшісі түсірген сурет ретінде газеттерінің басты бетіне былш еткізіп баса салады. Суреттің немесе мақаланың бір бұрышына AP деген екі әріп те жазылмайды. Сонда олар универде оқығанда "Фотоматериалдың қайдан алынғандығын көрсету керек!" деп үйретпей ме атақ пен даңққа тойған профессорлар мен академик, доцент, доктор деген ығайлар мен сығайлар? Кейбір журналистерге осы әңгімені айтсаң, «Суретін қойған мен емес. Оны редакторлар таңдап алған» дейді. Ондайда «О, жетіскен екен ол редакторларың» дегеннен басқа сөз табылмайды. Мейлі, ол редактор болсын, немесе техникалық маман (дизайнер, копмьютерде теруші) болсын,… қалай десек те, газет шығарып жатқан редакцияны басқарып отырған журналистер айналасындағыларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретуге міндетті ғой. Егер олай ете алмай ма, қойсын ұрлықпен күн көруді.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту