Ескі архив · 22.11.2011 09:50

"Жас қазақ" газетсымағының ұрлықтары шектен шығып барады

Кеше Мәншүк қарындасымыз «Жас қазақ» газетсымағының өзінің мақаласын рұқсатсыз алып және атын кіші әріппен жазғаны туралы жазған болатын, сондай-ақ Жанасылдың да суреті рұқсатсыз алынып, ажырасушылар туралы тақырыпқа қойылған болатын. Енді сайтымызда тұрған жарнамалық баннерді де қойғандары анықталды, ол жерде менің өз атыма тіркелген телефон номерім бар. Ешқандай құқықтары жоқ рұқсатсыз қоюларына. «Жас қазақтан» кешірім сұрап, газеттерінде және сайттарында мұны жариялауларын сұраймын.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту