Қоқанға қарсы шапқан ғылым докторы...
Таңертең ерте келдім жұмысқа. Әдеттегі әдетімнен тыс ерте келуімнің себебі де бар — мектеп жасындағы қарындасымның үй тапсырмасына көмектесші, интернеттен мәлімет әкеліп берші деген өтініші. Гугл шешей аман болсын, іздеу жолағына сатырлатып «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» деп жаздым да, шыққан мәліметтерді ашып қарай бастадым. Біраздан соң мына қызыққа тап болдым, өзіме «жаңалық» болып көрінді: Аказывайытса, біздің Жәкең педагогика ғылымының докторы екен(!!!) Иә, білем, бұл тақырыптың сақалы қауға болып өсіп, тізесі шыққан, дегенмен, мына тірліктеріне тіптен зығырданым қайнады. Қазынадан бөлінген қайран ақша!!!
