Ескі архив · 23.11.2011 20:23

Орташа есеппен ұры журналисттер

Қазақы ұры журналист дегеніміз Интернет-ресурстардағы тұщымды деген контентті жымқырып, оның авторы мен құқықтық ережелеріне пысқырмастан газеттерінде (кейде "Қазақстан" арнасында) жариялайтын, сүтқоректілер класына жататын саналы тіршілік иелері. Ондай ұры журналистермен айтысып-тартысып жүріп, төмендегіше сипаттамаларды беріп отырмын. Сонымен, орташа есеппен ұры журналистер қандай? • олардың басым бөлігі Шымкенттің тұрғындары; • газеттері екінші немесе үшінші сортты газеттер тобына жатады; • газет шығаруды табысы көп болмаса да күнкөріс құралы етіп алған; • Интернет сайттарды материал ұрлау нысанына айналдырып алған; • Интернеттен ұрлауға тұратын нәрсенің бәрін ұрлайды: мақала, әзіл, сурет, өсек, жаңалық.. • кей оқырмандарынан «Сіздер керемет мақала жазасыздар!» деген комплимент естиді. Әрине, егер қазақ блогшылары мен Интернет белсенділерінің жазған үздік мақалаларын ұрлап жазса, жақсы болмағанда жаман мақала шығара ма?! • ұрлықтарын әшкерелесең, кешірім сұрайды. Бірақ ұрлықтарын тоқтатпайды. БҰЛ ДӘЛЕЛДЕНГЕН! Басқа бір блогшының жазбасын ұрлап, газеттерін шығара береді; • бір редакцияда бірнеше ұрлықы немесе сапасыз газеттер шығарылады; • беделі бар БАҚта істейтін ұры журналистердің ұрлықтарын әшкерелесең, өзіңе қарай: «Не болды сонша? Қайта сенің мақалаңды халыққа жеткізгеніміз үшін рақмет айтпайсың ба?!» деген мағынадағы дөрекі жауап қайтарады; • ұры журналистердің көбісінің айлықтары 50 мың теңгеден аспайды. Одан асуы мүмкін емес. Өйткені, басымен жұмыс істейтін журналистердің еңбектері ондай аз ақшамен бағаланбайды; P.S. Аршаттың қазақ журналистеріне берген сипаттамасынан кейін ұры журналистер туралы жазбасам, олар маған ренжіп қалар деп, клавиатура тербедім :)
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту