Ескі архив · 23.11.2011 15:39

Таныс болыңыздар: Dinara

Динара Талдыбаева — Dinara 6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған. 2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен. Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша. — КерекИнфоға қалай келдің? — Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын. — Күніне неше рет кіресің? — Неше рет кіресің деп санайтындай саны жоқ :) Қолым қалт етсе болды кіріп шығып жүре беремін :) Күнделікті ашпасам болмайтын, қол үйреніп, автоматты түрде ашыла беретін сайттардың ішінде. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Мен үшін жаңа, тың болған жазбалардың барлығы ұнайды. Фильм болсын, жаңа ән болсын. Қолдан жасалған өнер туындылары, тағамдар, сосын кейде фотосы көп сөзі аз тақырыптар :) Көп сөзді оқуға ерінемін басын бір соңын бір қарай саламын. Өмір туралы қарапайын әңгімелер, өмірден алынған, бастан өткен оқиғаларды қызығып оқимын. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Бөліп жарып ешкімді айта алмайды екенмін, мына кісінің пікірі ұнайды деп. Жалпы тақырыпқа тура қатысты, қысқа әрі нұсқа жеке өз ойын білдіретін (қолтықтан кеттім, бұттан кеттім, май шашыңдар, шелек қайда деген сияқты пікірлерді шыны керек дұрыс қабылдай алмаймын, мүмкін ол да бір қызық шығар, керек те шығар сайтты түрлендіріп ұстап отыруға, серьезный қылып жібермей балансты сақтап отыруға деп ойладым да қойдым) пікірлер ұнайды. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Жақындарым оқымайды, таныстарым оқыса оқып жүрген шығар, сілтеме беріп тұрамын өзім ұнатқан, оны да қызықтырады ау деген тақырыптарға. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Мүмкін жауапты модераторлар тағайындап қояр медім қауымдастықтарға :)
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту