Ескі архив · 24.11.2011 09:46

Қазақша концерт

Көрермендердің жүрегін жаулап, көпшіліктің көңілінен шыққан 31 арнадағы жобалардың бірі қазақша концерт. Нұрлан Қоянбаев пен Нұрдаулет Шертім және өзге де КВН арқылы танылған шебер шоумендер жүргізетін бұл думан, қойылымдарының тартымдылығымен, осы заманғы әзілді дөп басып айтуымен және жоба авторларының ізденгіштігімен ерекшеленеді. Дегенмен, қазіргі әзілдердің барлығы да құрғақ та таяз секілді. Әзіл-ысқақ театрларының барлығына да баяғы өзіміз кішкентайымыздан білетін «Тамаша»-ның өткірлігі, әзілдерінің ықшамдылығы мен ойлылығы жетіспей тұратын секілді. Қоянбаев бастаған командада сол таяздық байқалады. Әсіресе тым жеңіл КВН әзілдерін көп қоладнады. Дегенмен, көрермендері жоқ емес. Мүмкін осындай жобалар да бізге керек шығар…
Авторы:
vebred

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту