Таныс болыңыздар: Aldeken
Алдан Жылгелдi — Aldeken
Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар Университетінде өтті. Мамандығы — тарихшы, заңгер. Кәсібі — мемлекеттік қызметкер.
Басы бос емес, ішінде ми бар))))))))) отбасында бір келіншегі мен 2 ұлы бар (бала саны болашақта өзгеруі керек, тиісті шаралар қабылдануда. ))))) )
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфомен алғаш таныстығым ұмытпасам 2005 жылы болды-ау деймін. Арнайы сілтеген, шақырған ешкім болған жоқ, бір мәліметтерді іздеп отырып келдім. Ол кезде тіркелу қайдааа, ішіндегі жынды пікірлерді көріп, бір жағынан өзім ойнап жүрген қазақша КВН-ге айтылған сынды көріп, «ренжіп» кетіп қалғаным бар… Содан кейін, Солай.де-ге тап болып, онда тіркеліп, пост жазбасам да анда-санда пікір жазумен шектеліп жүрдім. Осы керекке биыл қыркүйекте тап болдым аяқасты. Содан тіркеліп, алғаш рет пост жазуға әрекет жасап жүріп жатқан жағдай… Опшым, барлығы секілді ғой менің келуім…
— Күніне неше рет кіресің?
— Бекжанның айтқан керекоманиясына шалдықтым-ау деймін. Күн сайын жұмысқа келгенде поштадан бұрын керекті ашатын болдық. Содан кешке компьютерді өшіргенге дейін ашық тұрады… Кейде, кешкісін керекті өшіріп, күні бойы жиналған жұмысты қалып істейтін жағдайлар болды.)))))
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Шынымды айтсам, әлі ыстық-суығы басылмаған, бәріне қызығатын жағдайда жүрген сияқтымын. Мүмкін алдағы уақытта жазбаларды маңдайынан шертіп жүріп оқитын жағдайға жетерміз.))))))) Айтпақшы, дін туралы пікірталаста, өз білетінін өзеуреп басқаға таңуға тырысуды ұнатпаймын. Дінде «менің құлшылығым дұрыс» деуге болады, ал «тек менің ғана құлшылығым дұрыс» деген болмайтынын тағы атап өткім келеді…
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Әркімнің өз қолтаңбасы бар. Со себептен әр қолданушы өз ерекшелігімен ұнайды. Дегенмен, Сатыбалдының жазбалары тазалығымен ұнайды. Таза деуімнің себебі, көбі, көңілдеріне келмесін, өз жазбаларын әлденеше рет ойлап, оқырманға қалай жеткізу керектігін екшеп барып жазатын секілді. Ал, Саттың ойына келген дүние сол күйінде боямасыз келеді. Сол себептен оның жазбасын қиналмай оқисың. Қыздардан Монти деген қолданушының жазбалары осыған келіңкірейтін сияқты. Админнің өмірде қандай болса, интернетте де сондай екеніне көз жетті. )))))))))) Гастарбайтер мен Нұрғисаның жазбаларынан білім мен білік көкжиектерінің кеңдігі бірден байқалады. Саммита мен АКҮ-дің тік мінезділігі, Жансаяның байсалдылығы, Назгүлдің пікірінің салмақтылығы, Мадленнің тиянақтылығы, VKM-нің риясыз көңілі, жалпы қыздардың өз араларындағы жарастығы мол қағытпалары ұнайды. Қилызаманды түсінуге тырысып жүрмін, «мозговой штурмға» жақсы пікірлері. )))))))Қой, осымен тоқтайын, опшым бәріңді жақсы көрем, шыным сол.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— 1-2 таныстарым бар, жалпы керектегі қызық материалдардың сілтемелерімен бөлісіп тұратын. Солар оқып жүрген шығар. Өз жазбаларымды үй-ішім мен айналама оқытпаған екенмін.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мемлекеттік сайттар мен порталдардағы қатып қалған шаблонмен жүрген пақырдан не сұрайсың? )))))))))))))))
