Ескі архив · 24.11.2011 09:49

Таныс болыңыздар: bazuka

Тұрсынбекова Базарайгүл — bazuka 19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі. Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау. Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек жауап береді), тамақ үстінде сөйлеп отыруды, үлкенді сыйламайтын кісілерді, компьютерді ойын ойнау және фильм, фото қарау құралы ретінде пайдаланатындарды. Ұнайтын нәрселері: тамақ әзірлеу, күнделік немесе өз ойларын жазу және табиғатты суретке түсіру. — КерекИнфоға қалай келдің? — КерекИнфоға келуім бастауы Солайде сайтынан басталды десем болады. Онаң кейін Жастарбіз сайты, Кездесу сайты дегендей. Осы Қазнеттің үзілмеген жолы КерекИнфоға әкелді. — Күніне неше рет кіресің? — Санап көрмедім, бірақ үш реттен көп кірем десем болады, көбіне түстен кейін кіріп түннің бір уағында да соғуым мүмкін. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Қолөнер, аспаздық, ақпараттық технология, автокөлік, жалпы көбі ұнайды, тек дін тақырыбындағы жанжалдар ұнамайды. Діни сенім, Аллаға деген сенім кісінің жүрегінде болу керек деп ойлаймын. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Мысалы поэзия, әдеби тақырыптарда Нұрғиса, Әбіләкім, АКҮ, Қисықтың пікірлері ұнайды, ал жалпы Алтыградус, Қалдықыз, Сатыбалды, Гаста, Бальзаминка, Саммита, Патик, Жалғас_е, Гүлстанның пікірлері ұнайды, ал романтика, махаббат тақырыбында Асаубота админнің пікірлері ерекше. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Жиен інім арасында оқиды, ағам оқиды. Былай сілтемелерді құрбыларыма, достарыма жібергем оқып тұрады деп ойлаймын солар. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Вебмастер емеспін сондықтан ештеме айта алмаймын, жалпы осылай ұнайды.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту