Ескі архив · 24.11.2011 00:03

Жаласқан ауыздар

хабардан басқа арналарда көрсететін жаңалықтарда Тараз қаласы күнде аталады. Соңғы екі ай ішіндегі құрбандыққа бала шалу мен жарылысты қоспағанда, Мүгедек балалардың нанын жеген, Бала сатқан,жаңа туған баланы жарымжан қылған жағдайлар орын алып жатыр. Таразда үш жыл тұрдым. Рахат қала. Бәрі ақшамен шешіледі. Ақщамен шешілмейтін дүние жоқ! Балама қауіп төнгенде ақ халатты абзал жандардың «шарапатын» біраз көрдім. Ультрадыбыстық зерттеуге тараздағы ең мықты деген УЗИ орталыққа бардым, Мусина деген дәрігерге. Қара аспанды төндірді. Әйтеуір, Алла сақтады. Алматыда тексерілгенде жоққа шықты. Кейін, Алматыдағы Ана мен бала орталығында жатқанда, Тараздан тағы бір қыз келді. Оған Мусина «балаңның асқазаны жоқ» деген. Мына жақтағы дәрігерлер бар дейді. Квота алу кезіндегі сандалысымды, сол кездегі естіген көргендерімді сараптай келе, дәрігерлер арасында бір сговор бар ма деген ойға келдім. Мақсат: квота сату. Сценарий: УЗИ дәрігері диагноз қояды, поликлиника диагнозбен қорқытады, облздрав квота бермей қояды, қорыққан әйел ақыры ақшасын өзі ұсынады. Өйткені Таразда жаңа туған нәрсетелерге қатысты даулар өте көп. Өлтіріп алған, жарымжан қылып алған, іште жатқанда дұрыс диагноз қоймай, сау баланы алдырып тастаған… Акушер дәрігерлердің біліктілігіне, олардың өз жұмысына адал берілгендігіне шүбәлана бересің… Амал жоқ, квотаны сатып аласың… Біліктіліктің жоқтығын пайдаға асырғанды да көрдік!
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту