Келін мектебі керек ;)
Бір витердегі досыммен сөйлесіп отырып осы ойға келдім , пост жазамын деп)))
Жақында, «Алтын Келін» сериалын(Корея) көргенім жайында айтып едім сіздерге, сериалдың көп бөлігін, келіні, келін курсында оқиынтын тұсы бар. Сонда олар қандай курсқа барды дейсіз ғо, шайды қалай құю, стол басындағы өзін ұстау, еріне қандай меню дайындау(яғни көбіне ауруларына байланысты), сервис, т.б.
Кореяда өліп бара жатқан өнер түрі, тамақ, салтарды жас келіндерге үйрете отырып ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру деп білдім мен , курстың түр/түрі болса керек, мен көрген сериалда, ең/ең дегендерге арналған.
Бізде сондай курстар бар ма? сырмақ, текемет, жүнмен жұмыс жасау, қазақтың/қазақстандық тағамдарды, ұлттық салт/дәстүрімізді үйрететін орталықтар? жоқ/ау деп ойлаймын. Орыс тілділерге арналған КЗда «Школа Гейш» деген атпен, психологиялық көмек, өзіңді ұстау(көбіне, андай* яцз мағынада бар) т.б. нәрселердің бар екенін инеттен оқып білдім…
Мүмкін келін мектебін ашып, жас келіндерге, үйренгісі келген курстарын жасау керек шығар сіз қалай ойлайсыз? сондай кешен болса, бизнесті жақсы көретіндер, жақсы бизнес план жасаса
сурет мына жерден алынды
