Ескі архив · 25.11.2011 09:23

Таныс болыңыздар: AKA

AKA — Бектеміс Ақнұр, 1993 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында Сыр өңірі — Қызылорда қаласында дүниеге келді. Осында 11 жылдық білім алып, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, «инженер — құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазір 2 курс студенті, журналист ағасы әзілдемекші, болашақта «Шехрезат ханым» болып қызмет етеді, иншАллаһ! — КерекИнфоға қалай келдің? — Жалпы ғаламторда қазақ блогерлерінің жазбаларын оқып жүретінмін, сондай сәттердің бірінде керекинфоны да көзім шалды. Кейін, осындағы белді қолданушылардың бірі /ол құпия / керекинфоға шақырды, 2011 жылдың 3 маусымында тіркеліппін. — Күніне неше рет кіресің? — Сайттағы жаңалықтар мен жазбалар күнделікті назарымда. Керекинфоға кірмей қалған күндерім сирек Керекинфо — ғаламторға кірген бойы №1 қарайтын сайттарымның бірі десем қателеспеймін. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Барлық тақырыпты шолып шығамын әрине, көбіне қыздарский тақырып (қолөнер, тамақ жасау т.с.с) қызықтырады. Сонымен қатар, саяхатқа шыққандағы жазбалар, эстафеталар, ғибратты әңгімелер, киностанның жаңалықтары, жаңа әуендер, бейнебаяндар ұнайды, жеке адамның ішкі ойын ашық жеткізген жазбалары да мен үшін ерекше. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Барлығының пікірін құрметтеймін, себебі керекинфо — еркін блог жүйесі. Көбіне, қатесіз, пунктуацияны сақтап, сұраққа қазақша нақты жауап берген пікірлерді оқығанда риза боламын. Жағымпаздану емес мақсатым, жеке көзқарасымды осы жерде айта кетсем деймін: satibaldi, asaubota, Nurgisa, Gastarbaiter сынды мықтылардың ащы шындықты жазатын пікірлері, Abilakim, patick, qisyq, nurbergen_makym ағалардың астарлы һәм ақылды сөздері, sammita, AKY, balzaminka, Zilola мықты һәм сауатты әпкелердің таза ойлары, Altygradus, Gulistan, Dinara, Zere, Erkekyz, Aizhantabyn, Delhi сынды сұлу әпкелердің нәзік, жаңашылдыққа құштар сөздері, omarbirat, Arhun, Janasil, KILYZAMAN, ErNur, TERISKEY, saken, urimtal, Argyn, Aldeken, Bekjan, izbasar сияқты ізденімпаз кісілердің қазақилыққа жаны құмар сөздері, blackbeard, VKM, konvict, madlen, a63a1, monti, Aikona, e_zhalgas, meirzhan, neoman, rakisheva сынды жастардың креативті пікірлері мен үшін маңызды. Керекшілер жайлы осындай ой түйген болатынмын. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Әкем мен анам ғаламтор ауылынан алшақтау, ағам жұмысбасты, ғаламторға көп кіре бермейді. Тек әпкем ғана ғаламтор беттерін парақтап отырып көруі мүмкін. Достарым мен таныстарым да бар, оқып тұратын. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Техникадан онша хабарым жоқ, жалпы барлығы да ұнайды, уақыт өте бәрі реттеліп келеді. Мен үшін сайттағы адамдар мен олардың жазбалары маңыздырақ. Эстафетаға қатысқаныма қуаныштымын, сізге көп рахмет! Жұма мүбәрак болсын, жамағат!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту