Таныс болыңыздар: Erkekyz
Erkekyz — Әкімбаева Райхан. 1988 жылдың 27 қарашасында ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келді. Сонда туып-өсіп, жақында Шымкент қаласына қоныстанды.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен бұрынғы Солайде сайтынан бері келе жатқан қолданушымын. Кейін кездесу.комда да болдым. Сол жақтан Дабай.кз туралы оқып, «келіп-кетіп» жүрдім. Кейін АКУ Дабайдан блог аштым деген соң, қызығушылығым одан сайын артып, осында тіркелдім.
— Күніне неше рет кіресің?
— Өзім күніне интернетке 3-4 сағатымды ғана арнаймын. Сол уақыттың бәрінде Керекинфо ашық тұрады. Шартты рефлекс болып қалыптасып кеткені, браузерді ашқанымда автоматты түрде керекинфоны ашып жіберемін.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлығы дерлік ұнайды. Бәрін үлгергенімше оқып шығамын. Соңғы кезде осы Эстафеталардағы таныстыру тақырыптары қатты ұнап жүр. Адамды жақыннан тани түсуге жақсы мүмкіндік. Десекте, ең жақсы көретін тақырыптар «Жұма күнгі бояндар» мен "Қолөнер", «Біз таныған Азия» қауымдастықтарында жазылған тақырыптар.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Көпшілігінің пікірін сүйсініп оқимын. Әр пікірдің өз «изюминкасы» бар. Тек тақырыптап ауытқып, шимақталып, флудталып кеткен кез-келгеннің пікірін аттап кетемін.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Тек бір әпкем оқиды. Астанада сіздермен кездесуге баратын кезде түсіндіріп, мақтағанмын. Содан бері ол Керекинфоның тұрақты оқырманы. Тағы бір досыма да айтқан болатынмын, бірақ оның нақты оқитынын, оқымайтынын білмедім.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Әзірге бәрі көңілге сай.
