Таныс болыңыздар: nurbergen_makym
nurbergen_makym — Нұрберген Мақым.
Аз балалы отбасыда дүниеге келген. Кеткенде көп балалы отбасының отағасы болуды армандайды. Тұрақты жұмысы жоқ. Тұрақты көзқарасы жоқ. Жалпы, тұрақтылықтан ада адам. Сол себепті, қазірдің өзінде өз-өзіне құлпытас дайындатып, оған, «Шамамен, осы жерде жатқан болуы керек...» деп жаздырып қойған.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға қалай келгенім есімде жоқ. Соған қарағанда, сол күні қалыңдап қойсам керек. Былай, солай.деден бері бір жерден, екінші жерге үдере көшкенде, көштен қалмай жүрміз, әйтеуір.
— Күніне неше рет кіресің?
— Санамаймын.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Тақырып таңдамаймын. Бастысы, пікірталасқа алғышарттар туғызатындай пост болса, болғаны. Әлбетте, кейде мұндай посттар керек инфоға жатпайтын да шығар, бірақ, маған ұнайтыны сол. Ал, кейде, Айжантабынның өлеңдерін ішіп отырып оқып, қорс-қорс жылап алам.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп жаратын ешкім жоқ, әр кәллада — бір қиял. Пікір деген адамның сөзі ғой. Ал, сөзі – өзі. Меніңше, адамды алалау құзыретін Құдай өзіне ғана қалдырған сияқты. Бізге бергені ішіп-жеу, одан қалса, ғибадат қой, сол.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма, пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Таныстарым оқитын болар, бәлки. Туған-туысқа онсыз да, зайып алғызып жүрм ғой.
— Егер, админ болсаң, сайтқа қандай өзгерістер енгізер едің?
— Болу ойымда жоқ. Болғым да келмейд. Сол себепті, бұл сұраққа ойланбаймын. Былай, админ, өз ресурсында көп пікір жазбау керек деп ойлаймын.
