Ескі архив · 28.11.2011 15:37

Таныс болыңыздар: Gulistan

Gulistan — Анар Нығметқызы. 1981 жылы 14-сәуірде Ақтауда дүниеге келген, туған жері — Атырау облысы Махамбет ауданы. 1987-1998 жылдары Махамбет бағдарлы білім беретін мектебін бітіргенен кейін қонған жері Алматы Энергетика және Байланыс институты болды. Алғашқы керектік жолдастарын сол жерде кезіктірген. — КерекИнфоға қалай келдің? — «Партия қайда — жеңіс сонда» демекші, «Аршат қайда — біз сонда» (қалжың). Өзің білетіндей, Керек.Инфодан басталған «махаббат» «Солай.деге» ұласып, бірақ бәсеңсіп, кейін «Кездесу инфода» қайта жалындаған болатын. Жаңарған, көркейген КерекИнфода өз отын өшірмейтініне сенімдімін. — Күніне неше рет кіресің? — Жаңа хабарламалар келген сайын кіріп отырамын. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Күйбең тіршіліктің кейбір күлкі үйірер сәттері, аспаздық сырлары, жаңалықтарға сараптамалар ұнайды. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Бөліп-жаратыны жоқ, ұнаса да, ұнамаса да бәрінікін оқимын. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Ешкім «Осы қызық-ау» деге кейбір посттарды өзім линк арқылы достарыма салып жіберем. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Чайхана жақсы болар еді. «Привет, покадан» басқа маңызды, әсерлі қысқа хабарлама таратуға ең қолайлы құрал сол болар еді.Былайынша, дизайны мен мазмұны көңілге қонымды.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту